"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27 бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 213 "Отырар ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4819 тіркелген, 2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Отырар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Әлішке жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | П. Жаппарқұлов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Түркістан облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Отырар ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы____________Н.Абилаханов
2020 жыл "___"__________