Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 14.10.2020 № 209 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы (Салық кодексі) Кодексінің 529-бабының 6 тармағының бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13285 тіркелген) Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Отырар ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Түркістан облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы қаулының Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.С. Әлішке жүктелсін.
4. Осы қаулы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Қ. Айтаханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Отырар ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
басшысының міндетін атқарушы
М.Тайкенова
"19" қараша 2018 жыл
Отырар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" қарашадағы № 213 қаулысына қосымша |
Отырар ауданында салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Ауыл округінің атауы | Елді мекеннің атауы | Аймаққа бөлу коэффиценті |
1. | Шәуілдір | Шәуілдір | 1,90 |
2. | Темір | Темір | 1,85 |
3. | Ұзынқұдық | 1,30 | |
4. | Ақшоқат | 1,40 | |
5. | Отырабат | 1,75 | |
6. | №37 разьезд | 1,30 | |
7. | Шілік | Жаңа Шілік | 1,85 |
8. | Ескі Шілік | 1,75 | |
9. | Көксарай | Көксарай | 1,85 |
10. | Жанкел | 1,75 | |
11. | Ызакөл | 1,75 | |
12. | Шенгелді | 1,85 | |
13. | Қарақоңыр | Ш.Қалдаяқов | 1,85 |
14. | Қостүйін | 1,55 | |
15. | Бесторанғыл | 1,75 | |
16. | Сырдария | 1,75 | |
17. | Қарақоңыр | 1,75 | |
18. | Арыс (Ақтам) | 1,55 | |
19. | Отырар | Арыс | 1,85 |
20. | Шойманов | 1,75 | |
21. | Қарғалы | Қарғалы | 1,85 |
22. | Отырар | 1,85 | |
23. | Аққұм | Аққұм | 1,85 |
24. | Ақтөбе | Ақтөбе | 1,85 |
25. | Талапты | Көкмарадан | 1,85 |
26. | Ынталы | 1,75 | |
27. | Сарыкөл | 1,85 | |
28. | Шытты | 1,75 | |
29. | Маяқұм | Маяқұм | 1,85 |
30. | Қостерек | 1,75 | |
31. | Бестам | 1,65 | |
32. | Балтакөл | Балтакөл | 1,85 |
33. | Көлқұдық | 1,75 | |
34. | Ақкөл | 1,65 | |
35. | Қоғам | Қоғам | 1,85 |
36. | Талапты | 1,85 | |
37. | Мыңшұқыр | 1,75 |