Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылының Б.Майлин көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 73 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 4 наурызда № 5464 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 98 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 05.05.2020 № 98 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 30 қантардағы № 02-05/41 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарасу ауылындағы Б.Майлин көшесінде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты, Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылының Б.Майлин көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі Е. Бекбердиев

Об установлении ограничительных мероприятий на улице Б.Майлина села Карасу Карасуского сельского округа

Решение акима Карасуского сельского округа Сайрамского района Туркестанской области от 4 марта 2020 года № 73. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 4 марта 2020 года № 5464. Утратило силу решением акима Карасуского сельского округа Сайрамского района Туркестанской области от 5 мая 2020 года № 98

      Сноска. Утратило силу решением акима Карасуского сельского округа Сайрамского района Туркестанской области от 05.05.2020 № 98 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления руководителя Сайрамской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 января 2020 года № 02-05/41 и в целях ликвидации очагов заразных болезней животных аким Карасуского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на улице Б.Майлина села Карасу Карасуского сельского округа в связи с выявлением очага заболевания бешенством на улице Б.Майлина села Карасу.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Карасуского сельского округа Сайрамского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе акимата Сайрамского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Карасуского сельского округа Е. Бекбердиев