Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 73 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 98 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 5 мамырда № 5602 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 08 сәуірдегі № 02-05/137 ұсынысы негізінде, Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылының Б.Майлин көшесінде шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № 73 "Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылының Б.Майлин көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5464 болып тіркелген, 2020 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау бланкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Түркістан облысы Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің оны ресми жариялағаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі Е. Бекбердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады