Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 05.05.2020 № 98 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 30 қантардағы № 02-05/41 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарасу ауылындағы Б.Майлин көшесінде құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты, Қарасу ауылдық округі Қарасу ауылының Б.Майлин көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Сайрам ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысы Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауылдық округінің әкімі | Е. Бекбердиев |