Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.
5. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.
7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданының әкімі | М. Отаршиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 25 желтоқсандағы 2020 жылғы № 347 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 17 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 117 | 1 | 1 |
2 | "Сарыағаш Емдеу-оңалту кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 387 | 1 | 4 |
3 | "Алекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 361 | 1 | 4 |
4 | Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 155 | 1 | 1 |
5 | ҚАЗПОЧТА акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Сарыағаш аудандық почта байланыс торабы | 145 | 1 | 1 |
6 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 2247 | 1 | 22 |
7 | Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Сарыағаш аудандық ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 133 | 1 | 1 |
8 | Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "Сарыағаш ауданның № 4 мамандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 120 | 1 | 1 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 25 желтоқсандағы 2020 жылғы № 347 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 164 | 1 | 1 |
2 | "Арман санаторийі" акционерлік қоғамы | 151 | 1 | 1 |
3 | Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігі "Сарыағаш тұрмыс" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 108 | 1 | 1 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 25 желтоқсандағы 2020 жылғы № 347 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квота мөлшері (%) | Жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 106 | 1 | 1 |
2 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Сарыағаш облыстық балалар шипажайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 123 | 1 | 1 |