2021 жылға Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 347 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 5974 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. 2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.

      5. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш ауданының әкімі М. Отаршиев

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
25 желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 347 қаулысына
1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 17 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

1

1

2

"Сарыағаш Емдеу-оңалту кешені" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

387

1

4

3

"Алекс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

361

1

4

4

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің "№ 3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

155

1

1

5

ҚАЗПОЧТА акционерлік қоғамы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы Сарыағаш аудандық почта байланыс торабы

145

1

1

6

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

2247

1

22

7

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Сарыағаш аудандық ветеринарлық қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

133

1

1

8

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының "Сарыағаш ауданның № 4 мамандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

120

1

1

 
  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
25 желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 347 қаулысына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Оңтүстік Жарық Транзит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

1

1

2

"Арман санаторийі" акционерлік қоғамы

151

1

1

3

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігі "Сарыағаш тұрмыс" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

108

1

1

 
  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
25 желтоқсандағы 2020 жылғы
№ 347 қаулысына
3-қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

Сарыағаш ауданының білім бөлімінің "№ 14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

1

1

2

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының "Сарыағаш облыстық балалар шипажайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

123

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады