Түлкібас ауданының мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 56/1-06 "Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 64/5-06 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 6 қаңтарда № 6010 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түлкібас ауданының мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 56/1-06 "Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 тіркелген, 2020 жылғы 22 шілдесінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2 тармағындағы "бекітілсін" сөзі "айқындалсын" сөзімен ауыстырылсын.

      2. "Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы С. Кынтаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Сейсенбаев

О внесении изменения в решение маслихата Тюлькубасского района от 23 июня 2020 года № 56/1-06 "О порядке организации и проведения мирных собраний в Тюлькубасском районе"

Решение Тюлькубасского районного маслихата Туркестанской области от 21 декабря 2020 года № 64/5-06. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 6 января 2021 года № 6010

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", маслихат Тюлькубасского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Тюлькубасского района от 23 июня 2020 года № 56/1-06 "О порядке организации и проведения мирных собраний в Тюлькубасском районе" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5717 и опубликовано 22 июля 2020 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде) следующее изменение:

      В пункте 2 указанного решения слово "Утвердить" заменить словом "Определить".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Тюлькубасского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата Тюлькубасского района после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии районного маслихата С. Кынтаев
      Секретарь районного маслихата С. Сейсенбаев