"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түлкібас ауданының мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 56/1-06 "Түлкібас ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 тіркелген, 2020 жылғы 22 шілдесінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 тармағындағы "бекітілсін" сөзі "айқындалсын" сөзімен ауыстырылсын.
2. "Түлкібас аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | С. Кынтаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | С. Сейсенбаев |