Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің 28.12.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес Шардара ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шардара ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 05 "Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448 тіркелген, 2020 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
шешімнің келісу бөлігінің деректемесіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі деректемесі өзгермейді.
2. Түркістан облысы "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г.Амантайға жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Жолдыбай |
КЕЛІСІЛДІ:
Шардара аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
______________Е.Бейсенбиев
"___" __________ 2020 жыл