Шардара ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 05 "Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 09 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 5802 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің 28.12.2023 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26 бабына сәйкес Шардара ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шардара ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 05 "Шардара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448 тіркелген, 2020 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің келісу бөлігінің деректемесіне орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі деректемесі өзгермейді.

      2. Түркістан облысы "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г.Амантайға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Жолдыбай

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шардара аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ______________Е.Бейсенбиев

      "___" __________ 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады