Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 18 наурыздағы № 02-03/111 ұсынысы негізінде, Қазыбек би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар (егу жұмыстары, залалсыздандыру) кешенінің жүргізілуіне байланысты Жетісай ауданының Қазыбек би ауылдық округі, Алғабас елді мекеніне шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Жетісай ауданының Қазыбек би ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 8 "Жетісай ауданының Қазыбек би ауылдық округі Алғабас елді мекеніне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5376 болып тіркелген, және 2020 жылы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Жетісай ауданының "Қазыбек би ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен:
1) Осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жетісай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Кадировке жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазыбек би ауылдық округі әкімі | Д. Уразов |