"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27, 46 баптарына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келес аудандық мәслихатының "Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" 2019 жылғы 13 қарашадағы № 18-134-VI (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5292 тіркелген, 2019 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Келес аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессия төрағасы | Н. Давлетяров |
Аудандық мәслихат хатшысы | А. Тотиков |