Келес аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 13 қарашадағы № 18-134-VI "Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 маусымдағы № 27-194-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 маусымда № 5664 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27, 46 баптарына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес аудандық мәслихатының "Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы" 2019 жылғы 13 қарашадағы № 18-134-VI (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5292 тіркелген, 2019 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Келес аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы Н. Давлетяров
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Тотиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады