Бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 қарашадағы № 18-134-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 желтоқсанда № 5292 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 маусымдағы № 27-194-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 16.06.2020 № 27-194-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Келес аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы М. Есиркепов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Тотиков

  Келес аудандық
мәслихатының 2019 жылғы
13 қарашадағы № 18-134-VI
шешіміне қосымша

Келес ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салықтың мөлшерлемелері

Рет №

Салық салу объектісінің атауы

Мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)

Бір айға

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

8

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

10

5

Карт

5

6

Бильярд үстелі

3

7

Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

15


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады