Келес ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы

Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 28-206-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 5722 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келес ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Абай ауылындағы Орталық стадионы алдындағы алаң айқындалсын.

      2. Келес ауданында демонстрациялар мен шерулер өткізу үшін жүру маршруты ретінде Абай ауылындағы Орталық стадионынан бастап Р.Табылдиева көшесі мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралық айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 28.10.2020 № 32-239-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Келес ауданында бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      5. Келес аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 14-99-VI "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5080 тіркелген және 2019 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      6. "Келес аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Келес аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      7. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Н. Давлетяров
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Тотиков

  Келес аудандық мәслихатының
2020 жылғы 22 маусымдағы
№ 28-206-VI шешіміне
1-қосымша

Бейбіт жиналыстар мен шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану
ТӘРТІБІ

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – Келес аудандық мәслихаты бейбіт жиналыстарды немесе шерулерді өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты.

Бейбіт жиналыстар мен шерулер өткізу үшін арнайы орындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етуі


п/п

Арнайы орын атауы

Материалдық-техникалық қамтамасыз етуі

Шекті толу нормалары

1.

Абай ауылындағы Орталық стадионы алдындағы алаң

-көше жарығы;
-электр энергиясын қосу нүктесі;
-бейне бақылау және бейне жазба камералары;
-автотұрақ орны
(1 кіру, 1 шығу).

200 адам


      Жергілікті атқарушы органның өкілі хабарлама/өтініш бойынша оң шешім қабылданған кезде, бейбіт жиналыстың/шерудің ұйымдастырушысымен бір күн бұрын іс-шараны өткізу ережесін келесі сұрақтар бойынша келісу үшін арнайы орынға барады:

      бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың айырым белгісі;

      периметрі және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамасымен танысу мен анықтау үшін;

      Заңда көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде дыбыс деңгейі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға;

      БАҚ үшін арнайы белгіленген орын (лента немесе қоршаумен шектеу; фото-видео түсірілім және сұхбаттасу үшін жеткілікті көрінуді қамтамасыз ету);

      бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауды;

      Абай ауылындағы Орталық стадионынан бастап Р.Табылдиева көшесі мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықтағы шеру бағытымен танысу.

      Бейбіт жиналыс өткізу күні ұйымдастырушы және оған қатысушылар:

      өтініште көрсетілген мерзім аралығында арнайы орынның аумағында орналасады;

      ғимараттардың, құрылысжайлардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртіпті сақтау туралы заңнамасын сақтайды;

      бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісін тағып жүреді.

  Келес аудандық мәслихатының
2020 жылғы 22 маусымдағы
№ 28-206-VI шешіміне
2-қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Келес аудандық мәслихатының 02.08.2024 № 17-128-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Келес ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарынан;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарынан;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарынан;

      5) магистральдық теміржол желілерінен, магистральдық құбыржолдарынан, ұлттық электр желісінен, магистральдық байланыс желілерінен және оларға іргелес жатқан аумақтарынан айқындалады.

О порядке организации и проведения мирных собраний в Келесском районе

Решение Келесского районного маслихата Туркестанской области от 2 июня 2020 года № 28-206-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Туркестанской области 17 июля 2020 года № 5722

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Келесский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Специализированным местом для организации и проведения мирных собраний в Келесском районе определить площадку перед Центральным стадионом в селе Абай.

      2. Определить маршрут следования для проведения демонстраций и шествий в Келесском районе расстояние от Центрального стадиона до пересечения улиц Р.Табылдиевой и Т.Рыскулова в селе Абай.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным решением Келесского районного маслихата Туркестанской области от 28.10.2020 № 32-239-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Определить порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний в Келесском районе, нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и шествий согласно приложению 1 к настоящему решению.

      4. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению 2 к настоящему решению.

      5. Признать утратившим силу решение Келесского районного маслихата от 29 мая 2019 года № 14-99-VI "О дополнительном регламентировании порядка проведения cобраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5080, и в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 21 июня 2019 года).

      6. Государственному учреждению "Аппарат Келесского районного маслихата" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе Келесского районного маслихата после его официального опубликования.

      7. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии районного маслихата Н. Давлетяров
      Секретарь районного маслихата А. Тотиков

  Приложение 1 к решению
Келесского районного
маслихата от 22 июня 2020 года
№ 28-206-VI

ПОРЯДОК
использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний и шествий

      Специализированное место для организации и проведения мирных собраний – место общего пользования или маршрут следования, определенные Келесским районным маслихатом для проведения мирных собраний или шествий.

Материально-техническое оснащение специализированных мест для проведения мирных собраний и шествий


п/п

Наименование специализированного места

Материально-техническое оснащение

Нормы предельной заполняемости

1.

Площадка перед Центральным стадионом в селе Абай

-уличное освещение;
-точка для подключения электроэнергии;
-камеры видеонаблюдения и видеофиксации;
- парковочное место (1 заезд, 1 выезд)

200 человек


      Представитель местного исполнительного органа при положительном рассмотрении уведомления/заявления совместно с организатором мирного собрания/шествия выезжает на специализированное место проведения за один день для согласования порядка ведения мероприятия по вопросам:

      отличительного знака организаторов мирных собраний;

      для определения периметра и ознакомления с материально-техническими характеристиками места проведения;

      использовать при проведении мирных собраний звукоусиливающие технические средства с уровнем звука, соответствующим законодательству Республики Казахстан, плакаты, транспаранты и иные средства наглядной агитации, а также транспортные средства в случаях, предусмотренных Законом;

      специально отведенного места для СМИ (ограничение лентой, либо ограждением; обеспечение достаточной видимости для произведения фото- видеосъемки и получения интервью);

      использования средств аудиовизуальной техники, а также техники для произведения видео- и фотосъемки при проведении мирных собраний;

      для ознакомления с маршрутом шествия от Центрального стадиона до пересечения улиц Р.Табылдиевой и Т.Рыскулова в селе Абай.

      В день проведения мирного собрания организатор и его участники:

      находятся на территории специализированного места в течение времени, указанного в заявлении;

      обеспечивают сохранность зданий, сооружений, малых архитектурных форм, зеленых насаждений, а также иного имущества;

      соблюдают санитарные нормы и правила техники безопасности, законодательство Республики Казахстан по соблюдению общественного правопорядка;

      носят отличительный знак организатора мирных собраний.

  Приложение 2 к решению
Келесского районного
маслихата от 22 июня 2020 года
№ 28-206-VI

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Сноска. Приложение 2 в редакции решения Келесского районного маслихата Туркестанской области от 02.08.2024 № 17-128-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Границы прилегающих территорий в Келесском районе, в которых запрещено проведение пикетирования, определяются на расстоянии 800 метров от:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территорий;

      3) территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральных железнодорожных сетей, магистральных трубопроводов, национальной электрической сети, магистральных линий связи и прилегающих к ним территорий.