"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Келес аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 маусымдағы № 28-206-VI "Келес ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5722 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 24 шілдеде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 тармағындағы "бекітілсін" деген сөз "айқындалсын" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. "Келес аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Келес ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Р.Султанов |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Тотиков |