ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Облыстың жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
2020 жылғы 24 ақпаны № 43 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 227 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4177 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада, "Дидар" газетінде 2015 жылғы 24 қарашада, 2015 жылғы 26 қарашада, 2015 жылғы 28 қарашада және "Рудный Алтай" газетінде 2015 жылғы 25 қарашада жарияланған).
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 114 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4533 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 13 мамырда, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 мамырда, "Дидар" газетінде 2016 жылғы 25, 27 мамырда және "Рудный Алтай" газетінде 2016 жылғы 24, 26 мамырда жарияланған).
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 198 "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4617 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 4 тамызда электрондық түрде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 тамызда, "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде 2016 жылғы 11 тамызда жарияланған).
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 10 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы"Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4872 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 ақпанда электрондық түрде, "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде 2017 жылғы 21 ақпанда жарияланған).
5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 32 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5509 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда электрондық түрде, "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде 2018 жылғы 29 наурызда жарияланған).
6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 169 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 227 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5654 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 шілдеде электрондық түрде, "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде 2018 жылғы 4 тамызда жарияланған).
7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 207 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 198 "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6039 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 шілдеде электрондық түрде, "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде 2019 жылғы 18 шілдеде жарияланған).
8. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 209 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5664 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 тамызда электрондық түрде, "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде 2018 жылғы 25 тамызда жарияланған).
9. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 229 "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6074 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 18 шілдеде электрондық түрде, "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде 2019 жылғы 23, 25 шілдеде жарияланған).
10. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 235 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 227 "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6088 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 29 шілдеде электрондық түрде, "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде 2019 жылғы 3, 6 тамызда жарияланған).