ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы | |
әкімдігінің 2020 жылғы | |
2 сәуірдегі № 109 қаулысына | |
қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 280 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4241 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 24 желтоқсандағы "Дидар" және 2015 жылғы 23 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 313 "Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4309 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 25 мен 27 қаңтардағы "Дидар" және 2016 жылғы 23 мен 26 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 252 "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4674 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 11 қазандағы "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 364 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 280 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4826 болып тіркелген, 2017 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 26 қаңтардағы "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 148 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 280 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5121 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 20 мен 22 шілдедегі "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 291 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 280 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5277 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 2 желтоқсандағы "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 211 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 252 "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6045 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 16 мен 18 шілдедегі "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
8. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 248 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 280 "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6109 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 13 тамыздағы "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
9. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 343 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 313 "Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6205 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 22 қазандағы "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).
10. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 391 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 252 "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепiл шартын тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6283 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 28 қарашадағы "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).