Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 29.06.2020 № 49/12-VI шешімімен (08.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 36/5-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4452 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған ) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімге қосымшаның 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар:
1) Қарауыл ауылы, шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының ғимаратының алаңы;
2) Қарауыл ауылы, Көкбай көшесі, "Мамай" атындағы саябағы.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Елубаев |
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |