Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 36/5-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 44/4-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 6774 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 49/12-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 29.06.2020 № 49/12-VI шешімімен (08.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 36/5-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4452 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған ) келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімге қосымшаның 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар:

      1) Қарауыл ауылы, шаруашылық жүргізу құқығындағы "Риза" Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының ғимаратының алаңы;

      2) Қарауыл ауылы, Көкбай көшесі, "Мамай" атындағы саябағы.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Елубаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады