Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 49/12-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 шілдеде № 7328 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Респликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шешімдерінің күші жойылсын:

      1)Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 36/5-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4452 болып тіркелген, "Абай елі" газетінде 2016 жылғы 8 сәуірде жарияланған);

      2) Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 наурыздағы № 44/4-VI Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 36/5-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6774 болып тіркелген, 2020 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылдың 8 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Белибаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады