Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің 30.11.2023 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 1 бабы 62 тармақшасы және 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы" қаулысына және Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 4 хаттамасы негізінде, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданының Аягөз қаласының, Мамырсу ауылының, Ескі Майлин елді мекенінің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А. Акышовқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Д. Оразбаев |