Аягөз ауданы әкімінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 5 "Аягөз ауданының Аягөз қаласының, Мамырсу ауылының, Ескі Майлин елді мекенінің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1 шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 172-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімі ШЕШТІМ:

      1. Аягөз ауданы әкімінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 5 "Аягөз ауданының Аягөз қаласының, Мамырсу ауылының, Ескі Майлин елді мекенінің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7213 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қ. Әділбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады