ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50- бабының 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/10-VІ "Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4843 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2017 жылғы 7, 11 ақпандағы № 12, 13 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Т. Шабаршова |
Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы | К. Садыков |