Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/10-VІ "Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 54/14-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 7321 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50- бабының 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/10-VІ "Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4843 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2017 жылғы 7, 11 ақпандағы № 12, 13 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2020 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Т. Шабаршова
      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы К. Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады