Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 19.03.2021 № 3/15-VII шешімімен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі)
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 15/5-VI "Сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен иесіз болып танылған қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5234 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 қазанда электронды түрде жарияланған) күші 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия торағасы | Е. Леонтьева |
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |