Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3/15-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 8499 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      Глубокое аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 15/5-VI "Сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен иесіз болып танылған қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5234 болып тіркелген, 2017 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 44/4-VI "Глубокое аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 15/5-VI "Сот шешімімен Глубокое ауданының коммуналдық меншігіне түскен иесіз болып танылған қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7212 болып тіркелген, 2020 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      2. Осы шешім 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кузнецова
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Калигожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады