ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, бюджет қаражаттары есебінен, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 5/3-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 бастап туындаған қатынастарға таратылады).2. Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 43/8-VІ "Глубокое ауданының ауылдық жердегі азаматтық қызметшілеріне жоғарылатылған лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7150 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).
3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Мурзыканова |
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |