Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 53/4-VІ "Глубокое ауданының ауылдық жердегі азаматтық қызметшілеріне жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 5/3-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 11 мамырда № 8756 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 53/4-VI "Глубокое ауданының ауылдық жердегі азаматтық қызметшілеріне жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7957 болып тіркелген, 2020 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, бюджет қаражаттары есебінен, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы О. Калимулина
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Калигожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады