Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 11.03.2024 № 01-03/VIII-19-2/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8, 9-баптарына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Сарышев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |
Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 62-2 шешіміне қосымша |
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде, қарусыз жиналу арқылы жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер және пикеттер өткізу құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын болып Зайсан қаласында Ә. Жангелді көшесі бойында орналасқан "Зайсан құрылыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдындағы алаң белгіленсін.
3. Арнайы орындарды шекті толтыру нормасы елу адамнан аспауы тиіс.
4. Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Зайсан қаласы, Ә. Жангелді көшесі мен Керімбаев көшесінің қиылысынан Ә. Жангелді көшесі бойымен Баитов көшесінің қиылысына дейін қозғалу.
5. Зайсан ауданы әкімдігінің өкілі хабарламаны/өтінішті оң қараған кезде бейбіт жиналысты ұйымдастырушымен немесе ұйымдастырушының өкілімен бірлесіп, іс-шараны өткізу тәртібін келісу үшін бір күн бұрын арнайы өткізу орнына мынадай мәселелермен барады:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісі;
2) периметрді анықтау және өткізу орнының материалдық-техникалық сипаттамаларымен танысу үшін;
3) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларда бейбіт жиналыстар өткізу кезінде ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін дыбыс деңгейі бар дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды, плакаттарды, транспаранттарды және өзге де көрнекі үгіттеу құралдарын, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалану;
4) ұйымдастырушының немесе ұйымдастырушы өкілімен бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалану;
5) шеру және демонстрация маршрутымен танысу үшін.
6. Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар және оның қатысушылары Заңның 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы қажет.
7. Бейбiт жиналыстар өткiзудi материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жиналған және (немесе) берiлген қаражат пен мүлiк есебiнен жүзеге асырады.
8. Заңның 9-бабының 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 150 метр ара қашықтықта пикет жүргізуге тыйым салынады.