Зайсан ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 01-03/VIII-19-2/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 наурызда № 8974-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Зайсан ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі; осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Зайсан ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" №62-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7601 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Загипаров

  Зайсан аудандық мәслихатының
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 01-03/VIII-19-2/3
шешіміне 1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

   р/с №

Арнайы орны

Шекті толу нормасы

1

Зайсан қаласындағы Қаныш Сәтпаев пен Жүсіпхан Сәрсенов көшелері ортасындағы бос алаң

50 адамнан артық емес

2

Шерулер мен демонстрациялардың бағыты: Зайсан қаласы, Астана көшесі мен Сағырбайұлы Құрманғазы көшесінің қиылысынан Астана көшесі бойымен Қаныш Сәтпаев көшесінің қиылысына дейін қозғалу.

  шешіміне 2 қосымша

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      Бейбіт жиналыс өткізілетін күні ұйымдастырушылар мен оның қатысушылары Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 5 және 6-баптарының талаптарын сақтауы тиіс.

      Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға құқылы.

      Бейбiт жиналыстар өткiзудi материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ осы бейбiт жиналыстарды өткiзу үшiн жиналған және (немесе) берiлген қаражат пен мүлiк есебiнен жүзеге асырады.

  шешіміне 3 қосымша

Арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерде өткізіледі.

      2. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      3. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      5. Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

  шешіміне 4 қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге тыйым салынады:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады