ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18–бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №49-2 "2020 жылға арналған ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6557 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"2020 жылға Зайсан ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге жəне тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт, агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы.";
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге жəне тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт, агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы әлеуметтiк қолдау шараларының келесі түрлері көрсетілсін:
1) жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.".
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Қ. Сайранов |
Аудандық мәслихат хатшысы | Д. Ыдырышев |