2020 жылға Зайсан ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 49-2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қаңтарда № 6557 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 25.12.2020 № 68-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 21.09.2020 № 61-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 18–бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына және "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің № 72 бұйрығының 4 тармағына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге жəне тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт, агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға және ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2020 жылы әлеуметтiк қолдау шараларының келесі түрлері көрсетілсін:

      1) жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 21.09.2020 № 61-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Ф. Мұхаметқалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады