ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 – бабының 2 – тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Соловьево, Маяк, Ново-Крестьянка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып Соловьево ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. Алтай ауданы Соловьево ауылдық округінің елді мекендерінде кулесі көшелер қайта аталсын:
1) Соловьево ауылының Пролетарская көшесі Антон Сулима- Грудзинский көшесіне;
2) Маяк ауылының Советская көшесі Иван Кобелев көшесіне;
3) Ново-Крестьянка ауылының Киров көшесі Мамотай Аниев көшесіне.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Соловьево ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімін Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Cоловьево ауылдық округінің әкімі | М. Тюлюбаев |