Алтай ауданы Соловьево ауылдық округінің Соловьево, Маяк, Ново-Крестьянка ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Соловьево ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 желтоқсанда № 7930 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 – бабының 2 – тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Соловьево, Маяк, Ново-Крестьянка ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып Соловьево ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

      1. Алтай ауданы Соловьево ауылдық округінің елді мекендерінде кулесі көшелер қайта аталсын:

      1) Соловьево ауылының Пролетарская көшесі Антон Сулима- Грудзинский көшесіне;

      2) Маяк ауылының Советская көшесі Иван Кобелев көшесіне;

      3) Ново-Крестьянка ауылының Киров көшесі Мамотай Аниев көшесіне.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Соловьево ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімін Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Алтай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Cоловьево ауылдық округінің әкімі М. Тюлюбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады