Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 40/348-VI шешімімен (08.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 39/313-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4480 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 19 сәуірде, аудандық "Арай" газетінде 2016 жылғы 29 сәуірде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібінде:
8 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Пикет өткізу кезінде:
1) пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Байғонысов |
Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |