ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Джумагулова |
Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |
Катонқарағай аудандық мәслихаты 2020 жылғы 26 маусымдағы № 40/348-VI шешіміне қосымша |
Катонқарағай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 39/313-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4480 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 29 сәуірде "Арай" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 қарашадағы № 33/285-VІ "Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 39/313-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6325 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
3. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 36/319-VІ "Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 39/313-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6887 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.