ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18 - бабының 2 - тармақшасына, 139 - бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31- бабының 2 – тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Күршім ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" № 410 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6402 тіркелген, 2019 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Күршім ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р.Д.Умутбаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | Д. Қажанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Күршім аудандық мәслихатының хатшысы "____" ___________ 2020 жыл |
Л. Кемешева |
Күршім ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №511 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 20.06.2023 № 343 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысы орынбасары;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
3 психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5) дефектолог, логопед, әдіскер, есепші, психолог.
2. Халықты жұмыспен қамту орталығы саласы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме басшысы;
2) бас есепші;
3) маман;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;
5) инспектор;
6) іс - жүргізуші;
7) ассистент.
3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары;
2) аға мәдени ұйымдастырушы;
3) сүйемелдеуші;
4) аға кітапханашы, кітапханашы;
5) музыкалық жетекші;
6) барлық атаулының әдіскері;
7) көркемдік жетекші;
8) би үйірмесінің жетекшісі;
9) сүйемелдеуші-концертмейстер;
10) дыбыс режиссері;
11) хор жетекшісі;
12) вокал студиясының жетекшісі;
13) көркемөнарпаздар ұжымының жетекшісі;
14) бұқаралық шаралардың режиссеры;
15) топ жетекшісі;
16) халықтық ұжымның жетекшісі;
17) студия жетекшісі;
18) есепші, экономист;
19) оператор - программист;
20) әдіскер;
21) әнші;
22) мәдени шара ұйымдастырушы;
23) музыкалық-оператор;
24) костюмер;
25) іс - жүргізуші;
26) суретші.