Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №511 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 343 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 21 маусымда № 8874-16 болып тіркелді

      Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 511 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінді № 8131 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін.

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Күршім ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Күршім ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі А. Акышов

  Қаулысына қосымша
Күршім ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 20 маусымдағы
№ 343
  Күршім ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№511 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысы орынбасары;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      3 психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) дефектолог, логопед, әдіскер, есепші, психолог.

      2. Халықты жұмыспен қамту орталығы саласы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы;

      2) бас есепші;

      3) маман;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші;

      5) инспектор;

      6) іс - жүргізуші;

      7) ассистент.

      3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары;

      2) аға мәдени ұйымдастырушы;

      3) сүйемелдеуші;

      4) аға кітапханашы, кітапханашы;

      5) музыкалық жетекші;

      6) барлық атаулының әдіскері;

      7) көркемдік жетекші;

      8) би үйірмесінің жетекшісі;

      9) сүйемелдеуші-концертмейстер;

      10) дыбыс режиссері;

      11) хор жетекшісі;

      12) вокал студиясының жетекшісі;

      13) көркемөнарпаздар ұжымының жетекшісі;

      14) бұқаралық шаралардың режиссеры;

      15) топ жетекшісі;

      16) халықтық ұжымның жетекшісі;

      17) студия жетекшісі;

      18) есепші, экономист;

      19) оператор - программист;

      20) әдіскер;

      21) әнші;

      22) мәдени шара ұйымдастырушы;

      23) музыкалық-оператор;

      24) костюмер;

      25) іс - жүргізуші;

      26) суретші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады