ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Казақстан облысы Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1 "Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округінің Қойтас ауылына шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5-15-132 болып тіркелген, аудандық "Новая жизнь" "Жұлдыз" газетінің 2018 жылғы 30 желтоқсандағы № 52 (9006) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Аққала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді:
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққала ауылдық округінің әкімі | М. Жанкебаев |