Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округінің Қойтас ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 желтоқсанда № 5-15-132 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің 18.05.2020 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2 –тармағына сәйкес және Көкпекті аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың 2018 жылғы 23 қарашадағы № 297 ұсынысы Аққала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданының Аққала ауылдық округінің Қойтас ауылында мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы "Аққала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кеиін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққала ауылдық округінің әкімі М. Жанкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады