Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1 "Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округінің Қойтас ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 мамырда № 7091 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Аққала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Казақстан облысы Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1 "Көкпекті ауданы Аққала ауылдық округінің Қойтас ауылына шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5-15-132 болып тіркелген, аудандық "Новая жизнь" "Жұлдыз" газетінің 2018 жылғы 30 желтоқсандағы № 52 (9006) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Аққала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді:

      1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аққала ауылдық округінің әкімі М. Жанкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады