ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Тарбағатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 03 тамыздағы № 4 "Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округі, Жаңаауыл ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7430 тіркелген, 2020 жылғы 05 тамыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Аққазинге жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Смаилов |