Тарбағатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 03 тамыздағы № 4 "Тарбағатай ауданының Жаңаауыл ауылдық округі, Жаңаауыл ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 желтоқсанда № 8033 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Тарбағатай ауданы әкімінің 2020 жылғы 03 тамыздағы № 4 "Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округі, Жаңаауыл ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7430 тіркелген, 2020 жылғы 05 тамыздағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Аққазинге жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады