ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 – бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 04 маусымдағы № 431 ұсынысы негізінде Құмкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiне қарасты Құмкөл ауылының Т.Батыршин, Сасан би, Қабанбай батыр көшелеріне шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 21 "Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiне қарасты Құмкөл ауылының Т.Батыршин, Сасан би, Қабанбай батыр көшелеріне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6323 тіркелген, 2019 жылғы 03 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Құмкөл ауылдық округінің әкімі | Т. Конекбаев |