Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiне қарасты Құмкөл ауылының Т.Батыршин, Сасан би, Қабанбай батыр көшелеріне шектеу іс-шараларын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 21 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 6323 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округі әкімінің 03.07.2020 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2019 жылғы 08 қазандағы № 1232 ұсынысы негiзiнде, Құмкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Тарбағатай ауданы Құмкөл ауылдық округiне қарасты Құмкөл ауылының Т. Батыршин, Сасан би, Қабанбай батыр көшелеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құмкөл ауылдық округінің әкімі Т. Көнекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады