ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2019 жылғы 6 қарашадағы №01-26/364 ұсынысы негізінде, Таврия ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс – шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Ұлан ауданының Таврия ауылдық округінің Гагарино ауылы Центральная және Больничная көшелерінің ірі қара малдарына шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ұлан ауданы Таврия ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 сәурдегі № 2 "Ұлан ауданының Таврия ауылдық округіне қарасты Гагарино аулының Центральная және Больничная көшелерінің ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ПИ-26830 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 25 мамырдагы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жариялағаннан кейін осы шешімді Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасаудыөзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Таврия ауылдық округінің әкімі | Д. Уахитов |