Ұлан ауданы Таврия ауылдық округіне қарасты Гагарино ауылының Центральная және Больничная көшелерінің ірі қара малдарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Таврия ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 2 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 мамырда № 5900 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Таврия ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Таврия ауылдық округі әкімінің 28.01.2020 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 01-26/121 ұсынысына сәйкес, Таврия ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Ұлан ауданы Таврия ауылдық округіне қарасты Гагарино ауылының Центральная және Больничная көшелерінің ірі қара малдарына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ұлан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамалық тәртіпте:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Ұлан ауданының аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ұлан ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Таврия ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімшесінің меңгерушісі Е. Каримовқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таврия ауылдық округінің әкімі Д. Уахитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады