ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 172 "Үржар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 03 сәуірдегі № 98 "Үржар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы№ 72 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының қолданылуын тоқтата тұру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5966, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылдың 6 маусымында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Сарбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Токсеитов |